Облыстық мамандандырылған сәби үйінің ұжымы баршаңызды көктемнің алғашқы күнімен тұспа - тұс келген, 1 – наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтайды. Бұл мерекенің басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту және де бұл мереке қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Осындай айтулы мерекемен барша қазақстандықтарды құттықтай отырып, ұжым қызметкерлері және мекемедегі тәрбиеленуші бүлдіршіндеріміздің атынан алғысымызды айтамыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, еліміздің бағындырар асулары көп болсын.