17.03.2022 жылы Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында, облыстық мамандандырылған сәби үйі тәрбиеленушілерінің «Қош келдің - Наурыз» атты мерекелік ертеңгілігі өтті. Мерекелік ертеңгілік барысында бүлдіршіндер қазағымыздың ұлы мерекесі Наурыз жайлы әндерін, тақпақтарын айтып, би биледі, сонымен қатар, балалар еліміздің ұлттық ойындары қанталапай, арқан тарту ойындарын ойнады.













