Мерекелердің төресі және ең көнесі, жер ананың омырауы иіп, тұла бойы исінетін,  табиғат жан-дүниесімен жадырап,  өзегінен қауашақ жарып, көкөрім өмірдің нәрін көктететін ,тіршілік біткеннің тулай аққан қанын жаңаша жасартатын, ең бастысы жасанды емес, табиғаттың өзі,  Тәңірдің  қалауымен тойланатын текті мереке.  Наурыз -жеті дәмнен нәрлі көже жасап, жаттың да жақынның да  бір-біріне дәм татқызатын, ақ дастархан басында арқа жарқа  бірге ас ішетін  ынтымақ пен бірліктің мерекесі.  Наурыз -жыл бойы өткен-кеткен ренішті кешіріп, ән-күймен ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін көңіл күйдің мерекесі. Жаңа  жыл- Ұлыстың ұлыкүні Наурыз- мерекесі құтты болсын! Баршаңыз  адамдық игіліктердің ең құтты да қуанышты,  ырымты да тынысты  жақсылықтарымен қауышыңыздар!  Әз Наурыз құтты болсын Қазақ елі!