Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандық бар. Соның бірі – медицина қызметкері. Денсаулық - адам үшін баға жетпес байлық.
Бұл күн қашанда асқан шеберліктің иесі - ақ халатты абзал жандардың мерекесі. Бүкіл әлемде коронавирус  пандемиясына байланысты медицина қызметкерлерінің мерекесінің биыл маңызы зор.
Әлі де алдыңғы қатарда жүрген бүгінгі күннің батырлары талмай еңбек етіп жатыр.
Медицина кәсібі - адамгершіліктің асылы.
Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз - медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілек білдіреміз.